Мамандықты емес, өзіңе сай болашақты таңда

«Кім болам?» — оқушының қызығушылығы, қабілеті, мінезі мен күшті жақтарын талдап, оған сәйкес мамандықтар, ҰБТ пәндері және университеттерді ұсынатын AI-платформа.

Кодты қалай аламын?
Оқушы · Ата-ана · Мұғалім · Мектеп
Сенің профилің

Аналитик-көшбасшы

Жасанды интеллект маманыБизнес-аналитик
100+ мамандық
AI ұсынысы
Мүмкіндіктер

Бір платформа — толық бағдар

Тесттен бастап нақты мамандық пен университетке дейін.

AI кәсіби тест

94 тапсырма, 5 бөлім. Holland, MBTI, күшті жақтар, суретті таңдау және өмірлік жағдайлар.

Жеке профиль есебі

Бағытың, жұмыс стилің және табиғи талантың — түсінікті тілде жинақталады.

Мамандық ұсынысы

Профиліңе сай кәсіби бағыттар мен «неге сай екенінің» түсіндірмесі.

Университет & ҰБТ

Мамандыққа сай ҚР оқу орындары мен қажет ҰБТ пән комбинациялары.

Жасанды интеллект

AI сенің профиліңе қарап нақты ҚР тізімінен таңдап, реттеп ұсынады.

Ғылыми негіз

Әлемде танылған үш психометриялық әдіснаманың қиылысына сүйенеді.

Платформа ішінде

Нәтиже осылай көрінеді

Есептің көрінісі — 1-сурет

Суретті басып үлкейт.

Демо есепті ашу

Толық есеп — нақты нәтиже бойынша.

Жаңа формат

AIT — Admissions Insight Test

Қазақстанда университетке қабылдаудың жаңа емтиханы дайындалып жатыр. Ол білімді ғана емес, дағдыны да өлшейді.

Кім әзірлеп жатыр

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығы АҚШ-тың ETS ұйымымен бірге. ETS — TOEFL мен GRE тестерінің авторы. Әзірлеу туралы хабарлама 2026 жылдың ақпанында жарияланды.

Неден тұрады

Екі бөліктен: пән модульдері (мектеп бағдарламасы және таңдаған саласы бойынша) және дағды тесттері. Екіншісі — мектепте бөлек баға қойылмайтын, бірақ университетте күн сайын керек болатын нәрсе.

AIT нақты нені өлшейді

Сыни ойлауАкадемиялық жазу және зерттеуКоммуникацияСандық және цифрлық сауаттылықКреативті ойлау

Осы тізімді төмендегі «Тұлғалық даму» бөлімімен салыстырып көр: тақырыптардың көбі дәл үстінен түседі. Бұл кездейсоқтық емес — мұндай дағдылар бір емтиханға емес, бүкіл жұмысқа керек.

2027

Шағын көлемдегі алғашқы сынақ.

2028

Қазақстандағы шетел университеттері филиалдарына түсушілер үшін пилот.

2029

Елге түгел енгізу қаралады.

ҰБТ жойылмайды

ҰБТ сақталады, ал AIT — түсуге қосымша мүмкіндік. Емтихан әлі әзірленіп жатыр, сондықтан оның нақты пішіні мен ережелері өзгеруі мүмкін.

Дереккөз: ETS · Educational Testing Service

6 тақырып

Дамуыңды жалғастыр

Бұл бөлім мамандық ұсынбайды. Мұнда — қай мамандықты таңдасаң да керек болатын алты дағды.

Неге дәл осы алты тақырып

Жоғарыдағы мамандықтар — бүгінгі суреттің негізінде. Ал сен жұмысқа бірнеше жылдан кейін кірісесің, сол уақытта кейбір жұмыстың ішкі мазмұны өзгеріп үлгереді. Сондықтан бір ғана мамандыққа дайындалу тәуекелді.

Ал мына алты дағды мамандыққа БАЙЛАНБАЙДЫ: дәрігерге де, бағдарламашыға да, кәсіпкерге де бірдей керек. Олар ескірмейді — себебі олар нақты бір құралға емес, ойлау мен өзін-өзі ұйымдастыруға сүйенеді.

Алтауын бірден бастаудың қажеті жоқ. Біреуін таңда, оны бір-екі ай ұста, сосын келесісіне өт. Алтауын қатар бастаған адамда алтауы да қозғалмайды.

Бастау

Кодты қалай аламын?

Тест кодпен ашылады. Код қайдан алынатыны — қалай тапсыратыныңа байланысты.

Жеке тапсырсаң

Кодты автордан аласың. Хабарлас — саған жеке код беріледі, сол кодпен тестті бастайсың.

Мектеп болып тапсырсаң

Кодты сынып жетекшіңнен аласың: мектебіңе берілген топтама кодтың бірі саған тиесілі.

Мұғалім мен мектеп әкімшілігіне бөлек бет ашылады: сынып тізімі, таратылмаған кодтар және нәтижелер сонда көрінеді.

Автор

Платформаның артында кім тұр

Ерқанат Серікұлы Жақсыбаев

Ерқанат Серікұлы Жақсыбаев

Математик · Жоба менеджері · Профориентолог · Жасанды интеллект маманы · Вайбкодер

Мамандық таңдау — адам өмірінде ең ерте қабылданатын үлкен шешім. Оқушы оны 16 жасында, өзін толық танып үлгермей тұрып жасайды. Ал сай келмейтін бағытта оқыған жылдар — ең қымбат шығын.

Сондықтан бұл платформа мамандық таңдап бермейді. Ол оқушыға өзін көрсетеді: «мені не қызықтырады?», «мен қалай жұмыс істеймін?», «менің күшті жағым қайсы?» — үшеуінің жауабы бір бетте тұрады. Соңғы таңдау — оқушының өзінде қалады.

1000-ға жуықоқушыға мамандық және университет таңдауға көмектескен
Білімі
  • Мамандырылған «Дарын» мектеп-интернаты, «Алтын белгі» иегері, 2011
  • SDU University, «Ақпараттық технологиялар» мамандығының бакалавры, 2015
  • Назарбаев Университеті, білім беруді басқару саласындағы ғылым магистрі, 2021
Тәжірибесі
  • «PRIZMA» оқу орталығы — логика және математика пәнінің мұғалімі, директор міндетін атқарушы, 2015–2016
  • «АлгорИФМ» жекеменшік мектебі — ұстаз, «Intellectum Games» тренері, 2016–2020
  • Алматы қаласы №173 мектеп-лицейі — математика пәнінің мұғалімі, профориентолог, сыныпта жаңа технология мен жасанды интеллект қолдану бойынша эксперт, 2016–2023
  • Алматы қаласындағы №202 мектеп-гимназиясы — профориентолог, 2025
  • «MUGALIM» ҚБ — жоба менеджері, академиялық директоры
  • «Кім болам?» кәсіби бағдар кітабының авторы
Өмірде өмірлік жар таңдауды қоспағанда, мамандық таңдаудан маңыздырақ қадам жоқ. Адам өмірін арнайтын ісін — мамандығын, кәсібін, саудасын немесе қызмет түрін — саналы түрде таңдау және сол салада шеберлікке жету бұл жас ұрпақ үшін де, бүкіл қоғам үшін де аса маңызды мәселе.
Франк Парсонс
Кәсіби бағдар берудің (профориентация) негізін қалаушы